Accessibility links

Нетаньяху Обаманың шекара туралы ұсынысын тағы да кері қақты


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Палестина-Израиль келіссөздерінде 1967 жылғы шекараны негізге алу туралы АҚШ президенті Барак Обаманың ұсынысын қабылдамайтынын тағы да мәлімдеді.

Дүйсенбі күні кешке АҚШ-тағы ең ықпалды еврей ұйымдарының бірі - Байланыс жөніндегі америка-израиль комитетінде сөйлеген Нетаньяху "Обама ұсынған шекара Израильдің қорғаныс жүйесі үшін жарамайтындығы себепті елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды" деп мәлімдеді.

Израиль премьері Таяу Шығыстың болашағына қатысты пікірін бүгін АҚШ Конгресінде баяндамақ.
XS
SM
MD
LG