Accessibility links

Беларусь ақшасы 50 пайыздан астамға құнсызданды


Беларусь рублі.

Беларусь рублі.

Беларусь билігі ұлттық ақша - беларусь рублінің ресми бағамын күрт түсіріп жіберді.

Кеше 1 АҚШ долларының ресми бағамы 3155 рубль болса, бүгін Беларусь ұлттық банкі оның бағамын 4930 рубль деңгейінде белгіледі. Яғни, беларусь ұлттық ақшасының долларға қатынасы бірден 56 пайызға құнсызданып кетті.

Еуроның ресми бағамы 53 пайызға, ресей рублі - 53 пайыздан астамға өсті деп хабарлайды Азаттық тілшісі Минскіден.

Биыл наурыз айында Беларусь президентіне ұлттық банктің басшысы Петр Прокопович беларусь рублінің «бір мезетте күрт құнсыздануына жол бермейтінін» айтып уәде берген еді.

Бұған дейін 2009 жылы қаңтар айында Беларусь ұлттық ақшасы долларға қарағанда бірден 20 пайызға құнсызданған еді.
XS
SM
MD
LG