Accessibility links

Назарбаев Астанада Лукашенкомен кездеседі


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. Астана, 1 желтоқсан 2010 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. Астана, 1 желтоқсан 2010 жыл.
Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні кешке Астанаға ресми сапармен келген Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездеседі.

Беларусь президенті бұл сапарында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, көлік және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы ықпалдастық мәселелерін талқыламақ деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Сонымен бірге Беларусь делегациясы мүшелері Қазақстанның мемлекеттік органдары басшыларымен бірнеше екіжақты кездесулерін өткізіп, екі ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесі мен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.
XS
SM
MD
LG