Accessibility links

Исландиядағы жанартау ұшақ қатынасына кедергі жасады


Исландиядағы Гримсвотн жанартауы.
Исландиядағы Гримсвотн жанартауы.
Исландиядағы Гримсвотн жанартауы салдарынан Ұлыбританияда жүздеген адам діттеген жеріне ұшақпен жете алмайтын болды.

British Airways, KLM және Easyjet әуе компанияларының жолаушы тасымалдайтын ұшақтары Шотландияға сапарға шықпай қалды. Ал Ирландияның Ryanair әуе компаниясы Эдинбург, Глазго және Абердин бағытына барып қайтатын ұшақтардың сапарға шығуына тыйым салған биліктің бұйрығына наразылық білдіріп, шағым түсіретінін мәлімдеді.

Мамандар Гримсвотн жанартауы салдарынан ұшақ байланысының тоқтап қалуы биыл аса ұзаққа созылмайды деп отыр. Былтыр көктемде Исландияның Эйяфьядлайёкюдль жанартауы салдарынан Еуропаның көптеген әуежайларынан ұшақ қатынасы апта бойы тоқтап қалған еді.
XS
SM
MD
LG