Accessibility links

Билік Астанадағы жарылысты «террорлық акция емес» деп сендіргісі келеді


Жарылыс болған маңда тұрған ҰҚК абақтысының қақпасы. Астана, 24 мамыр 2011 жыл.
Жарылыс болған маңда тұрған ҰҚК абақтысының қақпасы. Астана, 24 мамыр 2011 жыл.

Мамырдың 24-і күні Астанада Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысы маңында автокөлікте жарылыстан екі адамның мерт болғанын хабарлаған ішкі істер министрлігі «бұл оқиға террорлық акция емес» деп сендіргісі келеді.


Астанада Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысы жанында сейсенбінің түнінде көлікте болған жарылыстан екі адам қаза болған. Бұл туралы мамырдың 24-і күні түске қарай Қазақстан ішкі істер министрлігі таратқан баспасөз баянында айтылған.

Бұл оқиғаны «террорлық акция емес» деп атап көрсеткен ішкі істер министрлігі «Ауди-100» маркалы автокөлік жарылған жерде екі ер адамның денесі табылғанын айтып отыр.

«Кім екендігі белгісіз адамдардың өліміне, алдын ала болжам бойынша,
Оқиға куәгерлері жарылыстан соң осы жерде адам сүйегі жатқанын айтады. Астана, 24 мамыр 2011 жыл.

түтінсіз, жарқышағы жоқ жарылғыш заттың өздігінен іске қосылуы себеп болған», - делінген ішкі істер министрлігінің хабарламасында жарылыс орнында қаза болғандармен бірге құжаттардың табылғаны да жазылған.

«Жедел-тергеу тобы оқиға орнынан S103ТЕМ мемлекеттік тіркеу нөмірі бар қызыл түсті 1991 жылы шығарылған «Ауди-100» маркалы автомашина мен еуропалық нәсілді екі ер адамның денелері, 1962 жылы Қырғызстанда туған, Павлодар облысы Екібастұз қаласында тұратын Кельплер Дмитрий Юрьевичтің атына берілген көлік жүргізушінің куәлігі мен аңшылық билет, 1985 жылы туған, бұрын ұрлық және екі рет алаяқтық жасағаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен келген затты сатып алып, сатқаны үшін сотталған, Екібастұз қаласының тағы бір тұрғыны, Қазақстан азаматы Черемухин Иван Александровичтің атына берілген төлқұжат, сонымен бірге істемейтін «Сони-Эриксон» маркалы мобильді телефонын тауып алды», - деп жазған ІІМ қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

ТАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС

Оқиға болған жерге сейсенбі күні таңертең барған Азаттық радиосының тілшісі ол маңда қолдарында қобдишалары бар адамдардың жарылыс орнын зерттеп жатқанын байқаған. Жарылыс болғаннан кейін тазалау жұмыстары атқарылып, жарылған автокөлік қалдығын ол жерден әкетіп үлгергенге ұқсайды. Тек жарылған көліктің ұсақ-түйек бөлшектері әр жерден көзге шалынады. Сондай-ақ, оқиға болған маңдағы кейбір тұрғын үй терезелерінің әйнегі шағылып қалған.

Азаттық тілшісі сөзге тартқан сол маңдағы кейбір тұрғындардың айтуынша, олар сейсенбіге қараған түні, шамамен сағат үштен қырық минут кеткенде
Жарылыс болған маңдағы кейбір тұрғын үйлердің әйнегі сынып қалған. Астана, 24 мамыр 2011 жыл.

қатты жарылыс дыбысынан оянып кеткен. Сыртқа шыққан жұрт жанып жатқан автокөлік пен адам денесінің бөлшектерін көрген.

Қазақстанның ресми орындары автокөліктің жарылғанын растағанымен, бұны кездейсоқ оқыс оқиға деп сипаттап отыр.

«Машина сол ауданда (ҰҚК департаменті абақтысы) тұрған, өртеніп, жарылған», – деген «Новости-Қазақстан» агенттігіне берген сұқбатында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров.

Сонымен бірге ол «бұл қатардағы оқиға, оны террорлық акциямен байланыстырудың қажеті жоқ» деп атап өткен.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮРЕЙІ МЕН УАЙЫМЫ

Жарылыс болған маңда, Шынтас көшесіндегі №6 үйде тұратын ерлі-зайыпты Ирина мен Сергейдің айтуынша, олар таңғы сағат 3:40 кезінде жарылыстан оянған.

- Кіші ұлымызбен бірге осы бөлмедені диванда ұйықтап жатқанбыз. Үстімізге әйнек сынығы жауып кетті. Жарылыс тіпті сымды үзді. Терезеден қарасақ, көліктің капоты жатыр екен. Одан әрі адамның денесі мен басы жатты, - дейді Ирина.

Сергейдің айтуынша, көлік пен адамның қалдықтары жан-жаққа шашылып қалған. Бұл үйдегі басқа тұрғындардың айтуынша, ондай
Тұрғындар жарылыстан сынған әйнек сынықтарын жинастырып жүр. Астана, 24 мамыр 2011 жыл.

нәрселер темір жолға дейін, гараждың ар жағындағы футбол алаңына дейін ұшқан. Бірақ таңғы сегізге дейін төңіректі түгел тазартты дейді олар.

Тұрғындар «бұл ауданда бұрын мұндай ештеңе болып көрмеген» деседі. Бірақ Азаттық тілшісімен сөйлескен бір әйелдің сөзінше, таңертең оларды тергеген бір полицей «ҰҚК тергеу изоляторына Ақтөбеден лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 20 адамды әкелген» депті.

№6 үйдің тұрғындары журналистермен еркін сөйлескенмен, ешқайсысы аты-жөндерін толық жазбауды өтінді. Көбі «әлі есімізді жия алмай жүрміз» дегенді айтады. Бәрін мазалайтын - «жарылыстан зардап шеккен үйді кім жөндейді?» деген сұрақ.

- Таң атқалы әкімдік қызметкерлерін күтіп жүрміз. Таңғы төрттен бері ешқайсымыз ұйықтаған жоқпыз. Төтенше жағдай қызметі «бұл бақытсыз оқиға, сондықтан өздерің жөндеңдер» дегенді айтты, - дейді Сергей.

БІР АПТАДА ЕКІ ЖАРЫЛЫС

Бұл Қазақстанда соңғы бір аптаның ішінде осымен екінші жарылыс.

Бұған дейін, мамырдың 17-сінде Ақтөбе облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ғимаратына келген бір адам бомба жарып, өзін-өзі мерт қылған еді. Тағы үш адамды жаралаған ол жарылысты Ақтөбедегі мұсылмандардың бейресми шағын тобының мүшесі болған Рахымжан Махатов есімді азамат жасаған деп мәлімдеді билік орындары.

Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Жандос Өмірәлиев Махатовтың бұл іске «жауапкершіліктен бой тасалау мақсатында» барғанын мәлімдеп, жарылысты «теракт емес» деп атаған еді.

Дегенмен кейін Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбедегі жарылысқа қатысты «терроризм» бабы бойынша қылмыстық іс қозғағаны жөнінде ҰҚК төрағасының орынбасары Өсер Мизанбаев хабарлағаны туралы мамырдың 23-і күні КазТАГ агенттігі ақпарат таратты.

Астанадағы жарылыс (видео):

Астанадағы жарылыс
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:30 0:00
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG