Accessibility links

Ұлыбритания патшайымы Обаманы қабылдады


АҚШ президенті Барак Обама мен Ұлыбритания патшайымы Елизаветаның жеке кездесуі. Лондон, 1 сәуір 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ президенті Барак Обама мен Ұлыбритания патшайымы Елизаветаның жеке кездесуі. Лондон, 1 сәуір 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ президенті Барак Обама мен оның зайыбы Мишель бүгін Лондондағы Букингем сарайында Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветамен кездесті.

Обама отбасы Исландиядағы жанартаудан ұшақ рейстері тоқтатылуы мүмкін деп қауіптеніп, дүйсенбі күні Ирландиядан Лондонға алдын-ала жоспарланған уақыттан бұрын барған болатын.

Барак Обама мен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон "Таймс" басылымында жариялаған бірлескен мақаласында "АҚШ пен Ұлыбритания қарым-қатынастары екі ел үшін және әлемге де маңызды" дейді.

Обама мен Кэмерон сәрсенбіде келіссөз өткізеді. Осы аптаның аяғында Франциядағы Сегіздік тобының саммитіне қатысатын Обама кейін Польшаға барады.
XS
SM
MD
LG