Accessibility links

Лукашенко өзін қолдаған Назарбаевқа алғыс айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. 24 мамыр 2011 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. 24 мамыр 2011 жыл.
Астанаға келген Беларусь президенті Александр Лукашенко өзіне қолдау танытқаны үшін қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

«Желтоқсан айындағы президент сайлауында сіз алғашқы болып сайлаудың қорытындысымен бізді құттықтап, Беларусь халқына қол ұшын бердіңіз», - деген Лукашенко бүгін Назарбаевпен келіссөзі барысында.

2010 жылы 19 желтоқсанда Беларусьтегі президент сайлауынан кейін елде жаппай наразылық акциясы өткен болатын. Минскідегі шеруге шыққан белсенділерге, олардың ішінде президенттіктен бұрынғы үміткерлерге қатысты сот процесі жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG