Accessibility links

Мүбәрәк пен оның екі ұлы сотталады


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк пен оның екі ұлы үкіметке қарсы шерушілердің өлімімен жемқорлыққа қатысты сотқа тартылады.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, Мүбәрәк пен оның екі ұлына "25 қаңтар революциясындағы бейбіт наразылық шарасына қатысушыларды әдейі өлтірді" деген айып тағылған. Сонымен қатар оларға жемқорлыққа қатысты айыптар тағылып отыр.

Елді 30 жыл басқарған Мүбәрәк елдегі жаппай шерулерден кейін ақпан айында биліктен кетуге мәжбүр болды. Қазір ол Шарм әл-Шейхтегі ауруханада қамауда отыр. Бұрынғы президенттің екі ұлы Каирдегі Тора түрмесіне қамалған.
XS
SM
MD
LG