Accessibility links

Пәкістанда полиция кеңсесіне шабуылдан екі адам опат болды


Пәкістан әскери-теңіз базасына шабуыл жасаған бүлікшілер өртеп жіберген ұшақтың қаңқасы. Карачи, 23 мамыр 2011 жыл.

Пәкістан әскери-теңіз базасына шабуыл жасаған бүлікшілер өртеп жіберген ұшақтың қаңқасы. Карачи, 23 мамыр 2011 жыл.

Бүгін таңертең Пәкістанның Пешавар қаласында полиция кеңсесіне жасалған жанкештілік жарылыстан екі полиция қызметкері қаза болып, кемінде 20 адам жараланған.

Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, ғимарат жанында автокөлік жарылған. Әзірге бұл жарылысқа байланысты жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

Осының алдында елдің оңтүстігіндегі Карачи қаласында орналасқан Пәкістанның әскери-теңіз базасына бір топ қарулы бүлікші шабуылдап, 10 әскери қызметкерді өлтіріп, екі ұшақты өртеп жіберген еді.

Пәкістандық тәліптер ол шабуылды «әл-Қаида» көсемі Усама бин Ладеннің өлімі үшін кек алу деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG