Accessibility links

Йеменде әскер мен үкіметке қарсы күштер қақтығысып, 38 адам мерт болды


Үкіметке қарсы бас көтергендер қауіпсіздік күштеріне қарсылық көрсетті. Сана, Йемен, 24 мамыр 2011 жыл.

Үкіметке қарсы бас көтергендер қауіпсіздік күштеріне қарсылық көрсетті. Сана, Йемен, 24 мамыр 2011 жыл.

Йеменде сейсенбі күні үкіметке қарсы бас көтергендер мен ел президенті Әли Абдолла Салехті қолдайтын әскер арасындағы қақтығыстан екі жақтан жиыны 38 адам қаза болды.

Әскер қатарынан 14 адам мерт болса, көтерілісшілер жағынан 24 кісі көз жұмған. Тағы бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен.

«Ассошейтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, президент Салех барлық тараптарды қарулы жанжалды тоқтатуға шақырған.

Өткен жексенбі күні Йемен президенті Әли Абдолла Салех Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесі ұсынған билікті бейбіт жолмен тапсыру туралы келісімге қол қоюдан бас тартқан еді.
XS
SM
MD
LG