Accessibility links

НАТО күштері Ливия астанасына соққы беріп жатыр


Триполидегі әуе соққысы сәтінен көрініс. Ливия, 24 мамыр 2011 жыл.
Триполидегі әуе соққысы сәтінен көрініс. Ливия, 24 мамыр 2011 жыл.
Ливия астанасында өткен түнде қатты жарылыстар естілген. НАТО әуе күштері Триполидегі үкімет нысандарын тағы да бомбалағаны туралы хабарланды.

Осының алдында НАТО әскери ұшақтары Ливиядағы Муаммар Каддафи режиміне қарсы халықаралық күштер операциясы басталған екі айдың ішіндегі ең ірі әуе соққысын берген еді.

Ливия мемлекеттік телеарнасы әуе соққыларынан 19 адам опат болды деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG