Accessibility links

Астанада әлем қазақтарының IV құрылтайы ашылды


Астанадағы Тәуелсіздік сарайы. 24 қараша 2009 жыл.
Астанадағы Тәуелсіздік сарайы. 24 қараша 2009 жыл.
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында дүниежүзі қазақтарының төртінші құрылтайы ашылды.

Құрылтайға 35 мемлекеттен 380 делегат, сонымен бірге Қазақстанның әр аймағынан 300-ден астам адам, сондай-ақ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының төрағасы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы жетекшілерінің бірі Талғат Мамашевтың айтуынша, бұл құрылтайдың бір ерекшелігі - оған шақырылған делегаттардың 60 пайыздан астамы 30 жасқа дейінгі жастар.

Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы 1992 жылы қыркүйекте Алматыда өткен еді.

Астанадағы төртінші құрылтай жұмысы мамырдың 27-сіне дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG