Accessibility links

Венесуэла өзінің мұнай компаниясына санкция енгізген АҚШ-ты айыптады


Солдан оңға қарай: Венесуэла президенті Уго Чавес пен Иран президенті Махмуд Ахмадинежад.

Солдан оңға қарай: Венесуэла президенті Уго Чавес пен Иран президенті Махмуд Ахмадинежад.

Венесуэла билігі «Петролеос де Венесуэла» мұнай-газ компаниясына санкция енгізген АҚШ-тың ісін айыптады.

Венесуэла сыртқы істер министрі Николас Мадуро қазіргі кезде АҚШ-қа қарсы жауап ретінде іс-шаралар қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ үкіметі Иран және Солтүстік Кореямен әріптестік байланысы үшін кейбір шетелдік компанияларға санкция енгізілетінін жария еткен еді. Солардың арасында Венесуэла компаниясы да аталды.

АҚШ бұл санкцияны Иранның ядролық бағдарламасына қарсы қабылдаған.
XS
SM
MD
LG