Accessibility links

BRICS ХВҚ-ны еуропалықтың басқару дәстүрін сынады


BRICS-ке мүше елдердің басшылары.

BRICS-ке мүше елдердің басшылары.

Экономикасы дамып жатқан елдер Халықаралық валюта қорын "еуропалық азамат басқаруы тиіс" деген жазылмаған дәстүр ескірді деп мәлімдеді.

BRICS-ке мүше елдер (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка) бірлескен мәлімдемесінде Халықаралық валюта қорының жаңа директоры "азаматтық емес қабілеттілік" негізінде таңдалуы тиіс деп атап көрсетті.

Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Кан қызметінен кеткен соң еуропалық ресми өкілдер "аталмыш қордың жаңа директоры автоматты түрде еуропалық болуы тиіс" деген болатын.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған қорды әрдайым еуропалық басқарып келді.

Стросс-Кан "әйел зорламақ болды" деген айыппен Нью-Йоркте үйқамақта отыр.
XS
SM
MD
LG