Accessibility links

Қырғыз депутаты парламенттен өзінің қорғалуын сұрады


Қырғыз парламенті. 10 ақпан 2011 жыл. Көрнекі сурет.
Қырғыз парламенті. 10 ақпан 2011 жыл. Көрнекі сурет.
Қырғыз депутаты Жылдыз Жолдошева өткен жылғы этникалық қақтығыстар туралы бейнетаспадан кейін парламенттен өзі мен отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрады деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясының мүшесі Жолдошеваның жеке мұрағатынан алынған бейнетаспа тек депутаттарға ғана көрсетілді. Онда өткен жазғы оқиғалардың хронологиясы көрсетілді делінеді.

"Бұл бейнетаспадан кейін қысым көрсетіле бастайды. Сондықтан құқық орындарынан отбасымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраймын", - дейді депутат.

2010 жылдың маусым айында Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалалабад пен Ошта жергілікті өзбектер мен қырғыздар арасындағы қақтығыстарда 400-ден астам адам опат болып, мыңдаған адам жараланды.
XS
SM
MD
LG