Accessibility links

БҰҰ Сирияға қатысты қарар жобасын қарайды


БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сириядағы жағдайды талқылап отыр. Нью-Йорк, 27 сәуір 2011 жыл.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сириядағы жағдайды талқылап отыр. Нью-Йорк, 27 сәуір 2011 жыл.
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше еуропалық мемлекеттер наразылық шеруін күшпен басып-жанышқан Сирия билігін айыптайтын қарар жобасын әзірлеп ұсынды.

Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ұлыбритания, Франция, Германия және Португалия қарар мәтінін БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 елдің барлығына жолдаған.

Өткен аптада АҚШ-тың қолдауына ие болған еуропалық елдер БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде Сирия билігін айыптайтын мәлімдеме қабылдау туралы ұсыныстарын өткізуге тырысқан еді. Бірақ оған Ресей қарсылық білдірді. Ал Қытай мен Үндістан Сирия билігінің өз халқына жүргізіп отырған саясатын айыптамай-ақ, дағдарысты бейбіт жолмен шешу жолдарын іздеуге шақырды.
XS
SM
MD
LG