Accessibility links

«Қазақстан әскерилері Ауғанстанда ұрыстарға қатыспайды»


Қазақстан қарулы күштері сарбаздары. 16 тамыз 2010 жыл.

Қазақстан қарулы күштері сарбаздары. 16 тамыз 2010 жыл.

Қазақстан қорғаныс министрлігі Ауғанстанға жіберу жоспарланып отырған қазақ әскерилері ол елде ұрыс қимылдарына қатыспайтындығын мәлімдеді.

«…Қазақстанның төрт әскери қызметкерін Ауғанстанда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында халықаралық күштер құрамына штабтық қызмет атқаруға жіберу туралы шешім қабылданды. Оларды әскери ұрыс қимылдарына қатыстыру көзделмеген. Бұл офицерлер үйлестіру мәселелері, ақпаратты талдау, тылдағы жұмыстармен айналысу, денсаулық сақтау және эпидемиологиялық қызмет сияқты міндеттер атқарады», - деп жазылған қорғаныс министрлігі сәрсенбі күні таратқан хабарламада.

Мамырдың 18-күні Қазақстан парламентінің мәжілісі Ауғанстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесу, халықаралық күштерінің қызметіне қатысу туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдаған болатын. Бұл жоба енді сенатта қабылданып, одан соң Қазақстан президенті қол қойған соң күшіне енеді.

Ал мамырдың 21-і күні «Талибан» қозғалысы Қазақстан билігінің Ауғанстанға әскер аттандыру туралы шешімі аймақтағы барлық елдердің мүддесіне қайшы келетінін ескертіп мәлімдеме таратты.
XS
SM
MD
LG