Accessibility links

НАТО әуе күштері Триполиге тағы да соққы берді


НАТО әуе күштерінің соққысынан соң. Триполи, 14 сәуір 2011 жыл.
НАТО әуе күштерінің соққысынан соң. Триполи, 14 сәуір 2011 жыл.
НАТО күштері бейсенбіге қараған түні Ливия астанасына тағы да әуеден соққы берді.

Ливияның мемлекеттік «әл-Жамахирия» телеарнасы кәсіптік-техникалық училище ғимаратына бомба түскен деп хабарлады. Телеарна қызметкерлері әуе соққысынан қаза болғандар бар деп айтқанымен, ол туралы нақты дерек берген жоқ.

НАТО әуе күштері осымен үшінші күн қатарынан Триполиге әуеден соққы беріп жатыр.

Бүгін Францияда басталатын «Үлкен сегіздік» саммитінде Ливиядағы жағдай талқыланбақ.
XS
SM
MD
LG