Accessibility links

Маңғыстауда «ӨзенМұнайГаз» жұмысшылары аштық жариялады


«ӨзенМұнайГаз» компаниясының мұнай сорабы.

«ӨзенМұнайГаз» компаниясының мұнай сорабы.

Бүгін таңертең Маңғыстау облысындағы «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалы құрамындағы УОС-5 мекемесінің 14 жұмысшысы өздеріне төленетін еңбекақыға байланысты наразылық танытып, кеніш басындағы гаражда аштық акциясын бастаған.

Бұл туралы Азаттық радиосына кәсіпорынның мұнай-газ өндіру басқармасының операторы Естай Қарашаев телефон арқылы хабарлады.

Оның айтуынша, былтыр ұжымдық шартқа қосымша қабылданған келісімді тоқтату және алдыңғы тарифтік ставканы қалпына келтіру туралы талаппен аштық жариялағандарға қолдау танытқан УОС-5 және УОС-2 мекемелерінің жұмысшылары да жұмысты тоқтатқан.
XS
SM
MD
LG