Accessibility links

Қытайдың шығыс аймағындағы қалада екі жарылыс болған


Қытайдың Синьхуа агенттігі елдің шығысындағы қалада екі әкімшілік ғимаратында жарылыстар болып, кемінде бес адамның жараланғаны туралы хабар таратты. Алайда оқиғаның жай-жапсары әзірге айтылған жоқ.

Кейбір хабарларға қарағанда, жарылыстар Фучжоу қаласында болған.

Қытайдың бірқатар ақпарат құралдары жарылыстардан ғимараттың әйнегі сынған деп хабарлады. Екі жарылыстың біреуінде автокөлікке қойылған жарылғыш зат іске қосылған деген болжам айтылып отыр.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG