Accessibility links

Килюненнің Қырғызстанға кіруіне тыйым салынды


Киммо Килюнен, Қырғызстандағы оқиғаларды тексерген халықаралық комиссияның төрағасы. Бішкек, 3 мамыр 2011 жыл
Киммо Килюнен, Қырғызстандағы оқиғаларды тексерген халықаралық комиссияның төрағасы. Бішкек, 3 мамыр 2011 жыл
Қырғызстан парламенті өткен жылғы этникааралық қақтығыс туралы баяндама жариялаған халықаралық комиссия төрағасы Киммо Килюненнің елге кіруіне тыйым салды. Бұл туралы Азаттық радиосының қырғыз қызметі хабарлады.

Қырғыз парламентінің бейсенбі күнгі шешіміне сәйкес, Килюнен жетекшілік жасаған комиссия есебінің заңдылық күші жоқ. Депутаттар халықаралық комиссияның баяндамасын Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін "біржақты" есеп деп бағалады.

Финляндиялық саясаткер Киммо Килюннен жетекшілік жасаған халықаралық комиссия "Қырғызстандағы өткен жылғы қақтығыстарда өзбектер көбірек зардап шекті" деп қорытқан болатын. Аталмыш есеп мамырдың 3-інде жарияланған еді.
XS
SM
MD
LG