Accessibility links

"Үлкен сегіздік" тобы жетекшілері Францияның Довиль курортында екікүндік келіссөз өткізеді.

Олар автократиялық президенттерді биліктен кетірген көтерілістерден кейін Тунис пен Египетке көмек ретінде миллиардтаған доллар қаржы бөлмек. Сонымен қатар "Үлкен сегіздік" тобы аймақта демократияны қалайтын басқа да елдерге қолдау танытпақ.

Бұдан бөлек саммитте Халықаралық валюта қорының жаңа төрағасы кім болмақ деген мәселе талқыланады. Осыдан бір күн бұрын Франция қаржы министрі Кристин Лягард Халықаралық валюта қоры басшылығына өз кандидатурасын ұсынатынын жариялады.

Халықаралық қордың бұрынғы жетекшісі Доминик Стросс-Канға "әйелді зорламақ болды" деген айып тағылған.
XS
SM
MD
LG