Accessibility links

«ӨзенМұнайГаз» жұмысшылары жұмысты түгел тоқтатып, наразылыққа қосылды


«ӨзенМұнайГаз» компаниясының мұнай сорабы.

«ӨзенМұнайГаз» компаниясының мұнай сорабы.

Бүгін таңертеңнен бастап Жаңаөзендегі «ӨзенМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы Атырау филиалының өзге жұмысшылары да жұмысты тоқтатып, аштық жариялап жатқандарға қосылды.

Бұл туралы Азаттық тілшісіне кәсіпорынның мұнай-газ өндіру басқармасының операторы Естай Қарашаев телефон арқылы хабарлады.

Оның айтуынша, таңертең кәсіпорынға келген «ӨзенМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары мен Атырау өндірістік филиалы басшысы мұнайшыларды жұмысқа шығуға көндірмек болған. Бірақ жұмысшылар кешеден бері аштық жариялап жатқандардың талабын қолдайтындарын айтып, жұмысқа шығудан бас тартқан.

«ӨзенМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы Атырау өндірістік филиалының басшысы Киікбай Ешманов Азаттық тілшісіне қазір кәсіпорында жұмыс ішінара тоқтап, мұнай өндіретін төрт басқарма жұмыс істеп жатқанын айтты. Оның сөзінше, кәсіпорында барлығы тоғыз мыңға жуық адам еңбек етеді.
XS
SM
MD
LG