Accessibility links

Хиллари Клинтон Пәкістанға барды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бүгін Пәкістанға барды. Оның бұл сапары туралы алдын-ала хабарланған жоқ.

Клинтон осы жолы Исламабадта Пәкістан президенті Асиф Әли Зардаримен, сол елдің әскер қолбасшысы және арнайы қызмет өкілдерімен келіссөздер өткізетіні хабарланып отыр. Әңгіме тақырыбы тәліптер мен «әл-Қаида» бүлікшілеріне қарсы бірге күресу туралы болатын сыңайлы.

Осы айдың басында АҚШ арнайы әскери тобы Пәкістан аумағында құпия операция жүргізіп, «әл-Қаида» көсемі Усама бин Ладеннің көзін жойған соң Вашингтон мен Исламабад арасындағы онсыз да күрделі қарым-қатынас қиындап кеткен ерді.

Пәкістан билігі АҚШ-тың ісін «ел тәуелсіздігіне қол сұғу» деп атаған болатын.
XS
SM
MD
LG