Accessibility links

Австралия Сирия президентін сотқа тартуға шақырады


Сирия президенті Башар әл-Асад.

Сирия президенті Башар әл-Асад.

Австралия билік орындары БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун мен БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне хат жолдап, Сириядағы жағдайды халықаралық Гаага сотында тергеп-тексеруге шақырды.

Сирия президенті Башар әл-Асад елдегі халық наразылығын қатыгездікпен басып-жаншып, азаматтарды қуғын-сүргінге салғаны үшін халықаралық қауымдастық алдында жауап беруі керек деп санайды Австралия үкіметі.

Австралияның сырты істер және сауда жөніндегі департаментінің өкілі Дэвид Стюарт Сирия үкіметінің халық толқуына қарсы ісін «адамзатқа қарсы қылмыс» деп атады.

Наразылық акциясына қатысушылардың айтуынша, Сирияда үкіметке қарсы толқуларда қаза тапқан мыңнан астам адамның кемінде 25-і – балалар.
XS
SM
MD
LG