Accessibility links

Пәкістандағы жарылыс құрбандарының саны 32 адамға жетті


Жанкештілік жарылыстан қираған полиция кеңсесі. Пешавар, Пәкістан, 25 мамыр 2011 ж.
Жанкештілік жарылыстан қираған полиция кеңсесі. Пешавар, Пәкістан, 25 мамыр 2011 ж.
Соңғы деректер бойынша, Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хангу қаласында бейсенбіде болған жарылыстан 32 адам мерт болып, 50-ден аса адам жараланған.

Қаза болғандардың арасында әскери қызметкерлер бар деп хабарланды. Жанкешті бомба орнатылған автокөлікті әкімшілік ғимараттарының жанында жарған.

Қаскөйлік жарылысты өз мойындарына алған пәкістандық тәліптер бұл шабуыл Усама бин Ладеннің өлімі үшін кек алу деп мәлімдеген.

Мамыр айының басында Пәкістанда АҚШ арнайы күштерінің операциясы барысында «әл-Қаида» көсемі Усама бин Ладен өлтірілгеннен бері бұл елде бірнеше ірі террорлық шабуылдар жасалды.
XS
SM
MD
LG