Accessibility links

Сұлтанов: Орталық Азия лаңкестік аймағына айналып барады


Таяуда Қазақстанда болған жарылыстар - Орталық Азияға экстремистердің дендеп енуінің күшейіп бара жатқанын дәлелі деп мәлімдеді президент жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, жұма күні Алматыда "Ауғанстан: Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке бүгінгі және болашақтағы әсері" атты халықаралық конференция өткен. Онда сөз сөйлеген Сұлтанов Ауғанстандағы жағдай реттелмесе, Орталық Азиядағы ахуал нашарлайды деп атап көрсетті.

"Орталық Азия - халықаралық терроризмнің белсенді әрекет аймағына айналып бара жатыр", - деді Сұлтанов.

Мамырдың 17-сінде Ақтөбедегі ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ғимаратындағы жанкештілік жарылыстан кейін араға бір апта салып мамырдың 24-інде Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу абақтысы маңында жарылыс болған еді.

Полиция бұл жарылыстар - «террорлық әрекет емес» дейді.
XS
SM
MD
LG