Accessibility links

АҚШ пен Франция Ливиядағы НАТО операциясын жалғастыруға келісті


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен оның франциялық әріптесі Николя Саркози. Довиль, 27 мамыр 2011 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен оның франциялық әріптесі Николя Саркози. Довиль, 27 мамыр 2011 жыл.
АҚШ президенті Барак Обаманың мәлімдеуінше, АҚШ пен Франция Ливиядағы НАТО-ның әскери операциясын жалғастыруға келіскен.

Жұма күні Довильдегі "Үлкен сегіздік" тобы саммиті барысында бірлескен баспасөз мәслихатын өткізген Барак Обама мен Николя Саркози (Франция президенті) Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи биліктен кетуі тиіс деп қайталап айтты.

"Үлкен сегіздік" автократиялық президенттерді биліктен кетірген көтерілістерден кейін Тунис пен Египетке көмек ретінде миллиардтаған доллар қаржы бөлмек. Сонымен қатар "Үлкен сегіздік" тобы аймақта демократияны қалайтын басқа да елдерге қолдау танытпақ.
XS
SM
MD
LG