Accessibility links

Қаражанбаста ереуіл белсенділері жұмысынан айырылды


Қаражанбастағы мұнайшылардың ереуілі. Мамыр 2011 жыл. Сурет Ольга Ярославскаядан алынды.

Қаражанбастағы мұнайшылардың ереуілі. Мамыр 2011 жыл. Сурет Ольга Ярославскаядан алынды.

Маңғыстау облысындағы Қаражанбас мұнай кенішінде жұмысшылардың ереуіліне қатысып жатқан белсенділердің сегізі қызметінен босатылды. Бұл туралы Азаттық радиосы тілшісіне мұнайшылардың наразылық шарасына қатысушылардың бірі хабарлады.

Атын атамауды өтінген азаматтың айтуынша, "Қаражанбасмұнай" компаниясының басшылығы белсенділердің жұмыстан босатылуын олардың 17 мамырдан бері жұмысқа шықпағанымен байланыстырған. Дәл сол күні ереуіл басталған болатын.

Қаражанбастағы наразылық шарасы жалғасып жатыр. Мұнай кенішіндегі жұмысшылар еңбекақы мөлшерін ұлғайтуды және тәуелсіз кәсіподақ ұйымын құруға кедергі келтірмеуді талап етіп отыр.

Ақтау соты сейсенбі күні кәсіподақ заңгері Наталья Соколованы сегіз тәулікке абақтыға қамау туралы шешім шығарған болатын.
XS
SM
MD
LG