Accessibility links

Сот: Ратко Младич Гаагаға тапсырылса болады


Босниялық серб әскерінің бұрынғы қолбасшысы Ратко Младич

Босниялық серб әскерінің бұрынғы қолбасшысы Ратко Младич

Белград соты соғыс қылмыстары мен геноцид жасады деп айыпталған Ратко Младичті Гаагадағы халықаралық трибуналға тапсыруға болады деген шешім шығарды.

«Генерал Ратко медициналық тұрғыдан алғанда сот тыңдауларына қатыса алады деген шешім шығарылды», дейді сот баспасөз хатшысы Мая Ковацевич.

Младичтің адвокаты сот шешіміне байланысты дүйсенбі күні шағымданатынын мәлімдеді. 15 жылдан астам уақыт бойы қашып жүрген Ратко Младич бейсенбіде Сербияда тұтқындалған болатын.

Босниялық серб әскерінің бұрынғы қолбасшысы Ратко Младич Босния соғысында "адамзатқа қарсы қылмыс жасады" деген айып тағылған.
XS
SM
MD
LG