Accessibility links

НАТО Триполиге тағы да соққы берді


Триполидегі әуе соққысынан кейінгі көрініс. 27 мамыр 2011 жыл.

Триполидегі әуе соққысынан кейінгі көрініс. 27 мамыр 2011 жыл.

НАТО әскери ұшақтары Ливия астанасы Триполиді тағы да бомбылады.

Ливия мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, сенбіге қараған түні бірнеше ғимарат нысанаға алынған. НАТО күштері Триполиге осымен бесінші түн қатарынан әуеден соққы берген.

Жұма күні Франциядағы "Үлкен сегіздік" саммитінде Батыс елдерінің басшылары Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиді биліктен кетуге шақырды. Бұл шақыруларға қосылған президент Дмитрий Медведев бұдан былай Каддафидің елді басқаруға құқығы жоқ деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG