Accessibility links

Сириядағы шерулерде 8 адам мерт болды


Үкіметке қарсы шерулер басталған Сирия қалаларына қауіпсіздік күштері орналастырылған. Сурет Youtube сайтындағы бейнетаспадан алынды. Мамыр 2011 жыл.

Үкіметке қарсы шерулер басталған Сирия қалаларына қауіпсіздік күштері орналастырылған. Сурет Youtube сайтындағы бейнетаспадан алынды. Мамыр 2011 жыл.

Сирияда демократияшыл шерулер барысында қауіпсіздік күштері 8 наразылық танытушыны өлтірді деп хабарланды.

Ал мемлекеттік телеарнаның мәліметінше, жұма күні қаруланған топтар 9 "азап шегішуні", олардың ішінде полиция қызметкерлері мен қарапайым азаматтарды өлтірген.

"Үлкен сегіздік" тобының саммитінде Батыс елдерінің басшылары мен Ресей Дамаскіні Сирия халқының бостандық туралы заңды талаптарына жауап беруге шақырды.

Адам құқықтарын қорғаушы топтардың айтуынша, президент Башар әл-Асадтың режиміне қарсы 10 аптаға жалғасқан шерулер барысында кемінде мың адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG