Accessibility links

Обама Польша президентімен кездесті


АҚШ президенті Барак Обаманы Польша президенті Бронислав Коморовский Варшавадағы резиденциясында қабылдады. 28 мамыр 2011 жыл.

АҚШ президенті Барак Обаманы Польша президенті Бронислав Коморовский Варшавадағы резиденциясында қабылдады. 28 мамыр 2011 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Еуропаға сапарының соңғы күні Польша президенті Бронислав Коморовскиймен кездесті.

Коморовский Обаманы президент сарайында ресми түрде қабылдады. Екі ел басшылары демократия мен қауіпсіздік мәселесін талқылады. Сонымен қатар келіссөз барысында энергетика мен Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастыру мәселесі де көтерілуі тиіс болатын.

Обама Еуропаға алтыкүндік сапары барысында Ирландия, Ұлыбритания және Францияда болды.
XS
SM
MD
LG