Accessibility links

Алматыда "қытай экспанcиясына" қарсы шеру өтті


Алматыдағы шеру. 28 мамыр 2011 жыл.
Алматыдағы шеру. 28 мамыр 2011 жыл.
Оппозиция өкілдері "Қазақстан байлығының сауда-саттыққа түсуі доғарылсын!" деген митинг өткізді. Сенбі күнгі жиын Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының жанында өтті.

Шарада Қазақстанның Қытайға жер телімдерін беруі, мұнай, газ және тағы да басқа Қазақстан қазба байлығын шет ел компанияларына сату мәселелері көтерілді.

Сондай-ақ, митингіге келгендердің арасында Қазақстаннан саяси баспана сұраған ұйғыр босқыны Аршидин Исраилды экстрадицияламауды өтінгендер де болды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қытай үкіметі «аса ауыр қылмыс» жасады деп айыптап, кері қайтаруды сұрап отырған азаматқа босқын мәртебесін бермеу туралы сот шешімі күшіне енген болатын.
XS
SM
MD
LG