Accessibility links

Ауғанстанда полиция басшылары талибан шабуылынан мерт болды


Такхар провинциясының басышысы Абдул Жабар Таква жанкештінің жарылысынан жарақат алды. 29 мамыр. 2011

Такхар провинциясының басышысы Абдул Жабар Таква жанкештінің жарылысынан жарақат алды. 29 мамыр. 2011

Ауғанстанның солтүстігінде ауғандық полицияның 2 қолбасшысы мен екі германиялық әскер және қарапайым екі ауғандықтың өмірін қиған жанкештілік шабуылға жауапкершілікті талибандар алды.

Сенбі күні Талоқан қаласында жергілікті әкімшілік мекемесінде полиция және әскери жетекшілердің жиналысы өтіп жатқанда, жанкешті бақылау бекетінен өтіп кетіп, жарылыс жасады.

Қаза тапқандар арасында елдің солтүстігіндегі полиция басшысы, генерал Дауд пен ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары бар. Ауғанстаннның солтүстігіндегі НАТО күштерінің қолбасшысы германиялық генерал Маркус Кнейп шабуылдан жарақат алды.
XS
SM
MD
LG