Accessibility links

Американың Lockheed Martin компаниясы хакерлік шабуылға ұшырады


Соғыс өндірісі саласының тапсырыстарын орындайтын әлемдегі ірі компания - Lockheed Martin бұрын-соңды болмаған хакерлік шабуылға душар болған.
Компания тарапынан жасалған арнайы мәлімдемеде шабуылдың соншалықты ауқымды болғаны айтылған. Компанияның мамандары деректер мен ақпарат көздерін және жүйені сақтап қалу үшін арнайы шаралар қолданды деп атап көрсетілген.

Пентагон бұл жайтқа қатысты тнргеу амалдарын жүргізіп жатыр. Хакерлік шабуыл жасағандар турасында ешнәрсе айтылмаған.


Lockheed Martin компаниясы қымбат тұратын қарулану жүйелерін шығарады, атап айтқанда, әлемнің көптеген елдері сатып алатын қырғи ұшақтар осында жасалады.
XS
SM
MD
LG