Accessibility links

Египетте Иран дипломаты «ақпар бергені үшін» ұсталған


Хабарларға қарағанда, Египет Иранның Каирдағы дипломатиялық өкілдігінде қызмет ететін Иран азаматын қамаған. Әл-Арабия ол адамның аты-жөні Кассим әл-Хосейни екендігін және оның «ақпарат таратқаны» үшін қамалғандығы жөнінде хабарлаған. Басқадай егжей-тегжейі айтылмайды.

Бұл ақпаратты Иранның қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі де растап отыр.

Иран дипломатын тұтқындау Египет пен Иран 1979 жылғы Ислам революциясынан бергі жерде нашарлап кеткен қарым-қатынастарын жақсарту шараларын қарастырып жатқан уақытта болып отыр.

Тегеран мен Каир арасында дипломатиялық қарым-қатынас әзірге орнай қойған жоқ, дегенмен екі елдің дипломатиялық өкілдіктері ашылған болатын.
XS
SM
MD
LG