Accessibility links

Түркіменстан мен Ауғанстанды теміржол жалғастырады


Екі ел арасында жалпы ұзындығы 150 шақырым болатын теміржол желісін салу турасындағы келісімге сенбі күні Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың Ашғабадқа сапары барысында қол жеткізілді.

Хамид Карзайдың түркімен жетекшісі Гурбангұлы Бердімұхамедовпен келіссөздерінде түркіменнің энергия көздерімен Ауғанстанды қамтамасыз ету жөнінде сөз болды. Алдын-ала болжамға қарағанда 2012 жылы Ауғанстанды түркіменнің электр эенергиясымен жабдықтау 70 пайызға дейін жеткізілуі мүмкін.

Сондай-ақ Түркіменстаннан Ауғанстан арқылы өтіп, Пәкістан мен Үндістанға дейін жететін газқұбырын салу мәселесі де талқыланды.
Бұл жобаға АҚШ-ң қолдау білдіретіні белгілі.
XS
SM
MD
LG