Accessibility links

Бақытжан Қажиев «KEGOC» компаниясының басшысы болып тағайындалды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бұл туралы ақпарат Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Twitter әлеуметтік желісіндегі парағынан белгілі болды.

«Бақытжан Қажиевті «KEGOC» АҚ басшысы лауазымына тағайындадым», - деп жазды Кәрім Мәсімов.

46 жастағы Бақытжан Қажиев бұған дейін «KEGOC» акционерлік қоғамының атқарушы директоры, вице-президенті қызметтерін атқарған.

Ал компанияның бұрынғы басшысы Алмасадам Сатқалиевтің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына жұмысқа ауысқаны туралы да көпшілік Мәсімовтің Twitter желісіндегі жазбасынан хабардар болды.
XS
SM
MD
LG