Accessibility links

Германия 2023 жылға дейін барлық АЭС-терін жаппақ


Германиядағы Библис АЭС-інің Б блогы.
Германиядағы Библис АЭС-інің Б блогы.
Германияда үкіметтік коалиция мүшелері 2023 жылға дейін елдегі барлық атом электр станцияларын жабу жөнінде жоспар қабылдау туралы ұйғарымға келді.

Бұл шешім қоғамда атом қуатының қауіпсіздігіне қатысты кең көлемді талқылаудан соң қабылданып отыр.

Жоспарға сәйкес, наурыз айында тоқтатылған сегіз реактор енді қайта қосылмайды, тағы алты реактордың жұмысы 2021 жылға дейін доғарылады. Ал 2022 жылы соңғы үш реактордың жұмысы тоқтатылмақ.

Германиядағы қоғамдық пікірге Жапонияда наурыз айындағы зілзала мен цунами салдарынан "Фукусима-Дайичи" атом электр станциясында болған апат түрткі болған еді.
XS
SM
MD
LG