Accessibility links

Бесағаш оқиғасы: Ахмед Қахаоғлы 20 жылға сотталды


Бесағаш ауылының шыға берісіндегі жол белгісі. Алматы облысы, 11 наурыз 2011 жыл.
Бесағаш ауылының шыға берісіндегі жол белгісі. Алматы облысы, 11 наурыз 2011 жыл.
Сот Бесағаш оқиғасына қатысты қылмыскер деп танылған Ахмед Қахаоғлына үкім шығарды. Үкім бойынша ол 20 жылға бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкі тәркіленетін болды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, мұндай шешімді Қаскелең қаласында Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мамырдың 30-ында шығарған.

Судья Ертарғын Сәдуақасовтың сөзінше, Ахмед Қахаоғлы қылмыстық кодекстің 96, 120 және 179 («Қарақшылық ниет», «Зорлау», «Жасөспірімді өлтіру») баптары бойынша сотталған.

Ақпанның 25-і күні Бесағаш ауылының жанындағы тоғайдан 17 жастағы Жанайым Сыдықованың қорланған мәйіті табылғанын Азаттық бұдан бұрын да хабарлаған еді. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше күннен кейін күдікті ретінде осы ауылдың 22 жастағы тұрғыны Ахмед Қахаоғлы ұсталған болатын.
XS
SM
MD
LG