Accessibility links

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі өкілі Сирия билігін сынады


БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі басқармасының басшысы Нави Пиллай.
БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі басқармасының басшысы Нави Пиллай.
БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі басқармасының басшысы Нави Пиллай үкіметке қарсы шеруге шыққандарды басып-жаншыған Сирия билігінің ісін айыптады.

Ол Сирияда соңғы айларда адам құқықтары «естен тандырарлық» дәрежеде бұзылғанын айтып, ресми Дамаскіні ол елдегі жағдайды саралау үшін БҰҰ-ның сарапшыларын Сирияға кіргізуге рұқсат беруге тағы да шақырды.

Құқық қорғаушылардың дерегі бойынша, Сирияда оппозицияны қолдайтындардың жаппай наразылығы басталғаннан бері мыңнан аса адам мерт болып, бірнеше мыңы тұтқындалған.

Бүгін Сирияның орталығындағы Хомс провинциясындағы бірнеше елдімекенді билік күштері атқылағаны туралы ақпарат түсті. Таблис қаласында кешеден бері қарулы қақтығыстар жалғасып жатыр.

Мемлекеттік ақпарат құралдары әскерилерден төрт адам қаза болып, 14 кісінің жараланғаны туралы хабарлады.
XS
SM
MD
LG