Accessibility links

Оңтүстік Африка президенті Ливия жетекшісімен кездесті


Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи (сол жақта) мен Оңтүстік Африка Республикасының президенті Джейкоб Зума. Триполи, 10 сәуір 2011 жыл.

Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи (сол жақта) мен Оңтүстік Африка Республикасының президенті Джейкоб Зума. Триполи, 10 сәуір 2011 жыл.

Оңтүстік Африка Республикасының президенті Джейкоб Зума дүйсенбіде Триполиде Ливия жетекшісі Муаммар Каддафимен кездесуден соң: «Ливиядағы саяси дағдарысты бейбіт жолмен шешу үшін Каддафи көтерілісшілермен келіссөздер өткізуге келісіп отыр» деп мәлімдеді.

Алайда Зума қарулы көтерілісшілердің басты талабы – Каддафидің биліктен кетуі туралы мәселеге қатысты Ливия жетекшісінің ұстанымы қандай екендігін айтпады.

Джейкоб Зума осы жолы Триполиге барар алдында Африкалық Одақтың Ливиядағы жағдайды реттеу мақсатындағы талпынысына НАТО күштерінің әскери операциясы кедергі жасайды деп мәлімдеген еді.

Ливия мемлекеттік телеарнасы президент Зумамен кездесу кезінде Муаммар Каддафидің НАТО шабуылдарын айыптағанын хабарлады.

ОАР президенті Джейкоб Зума Триполиге осымен екінші мәрте Муаммар Каддафиді бейбіт келісімге көндіруге барды. Оның өткен айда Ливия астанасына осындай мақсатпен жасаған сапары нәтижесіз аяқталған еді.
XS
SM
MD
LG