Accessibility links

Ресейде жарты жылда 11 адам ксенофобия құрбаны болған


Әсіреұлтшылдық пен нәсілшілдікті дәріптейтін сайттардың біріндегі свастика белгісі.

Әсіреұлтшылдық пен нәсілшілдікті дәріптейтін сайттардың біріндегі свастика белгісі.

Биыл жыл басынан бері Ресейде ксенофобиялық негізде 11 адам өлтіріліп, кемінде 55 кісі жараланған деген деректер келтіреді елдегі құқық қорғаушы ұйымдар.

«Сова» құқық қорғау орталығының хабарлауынша, мамыр айында ресейлік әсіреұлтшылдар қолынан кемінде тоғыз адам соққыға жығылып, олардың бірі – Армения азаматы жан тапсырған.

Бұл шабуылдардың көпшілігі Мәскеу қаласы және оның маңындағы елді мекендерде жасалған.

Құқық қорғаушылардың есебі бойынша, Ресейдегі әсіреұлтшыл топтардың қатарында ондаған мың белсенділер бар.
XS
SM
MD
LG