Accessibility links

Бүгін Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні


Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражай-кешеніндегі жазу. Ақмол кенті, 12 сәуір 2010 жыл.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражай-кешеніндегі жазу. Ақмол кенті, 12 сәуір 2010 жыл.

Бүгін Қазақстанда өткен ғасырдың 20-50-жылдары жүргізілген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.

Қазақстандағы қазіргі Қарағанды облысы аумағында Совет одағының бас лагерьлер басқармасына (ГУЛАГ) қарасты үлкен лагерьлердің бірі – Карлаг болған. Оның құрамына «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» (АЛЖИР) енген. Ресми деректер бойынша, саяси қуғын-сүргін жылдары төрт миллионға жуық қазақстандық зардап шеккен.

Советтік саясаттың қырына ілінген немістер, шешендер, понтий гректері, қалмақтар, ингуштер, қарашайлар, балқарлар, қырым татарлары, ноғайлар және месхет түріктері Қазақстанға күштеп жер аударылды.

Бүгін Қарағанды облысындағы Долинка кентінде, бұрынғы Карлаг аумағында саяси репрессия құрбандарына арналған мұражай ашылады. Бүкіл ел көлемінде сол зұлмат жылдары жазықсыз ату жазасына кесіліп опат болған, түрме азабын тартқан, қудалауға ұшырағандарды еске түсіруге арналған шаралар өткізіледі.
XS
SM
MD
LG