Accessibility links

НАТО күштері Ливияға тағы да әуеден соққы берді


Триполидегі әуе соққысынан кейінгі көрініс. 27 мамыр 2011 жыл.
Триполидегі әуе соққысынан кейінгі көрініс. 27 мамыр 2011 жыл.
НАТО әскери әуе күштері Ливиядағы Муаммар Каддафидің бақылауындағы нысандарға тағы да соққы берді. Ливия мемлекеттік телеарнасы ел астанасы Триполи мен оның оңтүстігіндегі әл-Жафра қаласы бомбаланғанын хабарлады.

Кеше Италия астанасында баспасөз мәслихатын өткізген Ливияның жоғары лауазымды сегіз офицері Муаммар Каддафимен ат құйрығын кесетіндерін мәлімдеген еді.

Ал Оңтүстік Африка Республикасының президенті Джейкоб Зума дүйсенбі күні Триполиде Ливия жетекшісі Муаммар Каддафимен кездескен соң: «Ливиядағы саяси дағдарысты бейбіт жолмен шешу үшін Каддафи көтерілісшілермен келіссөздер өткізуге келісіп отыр» деп мәлімдеді.

Алайда қарулы көтерілісшілердің басты талабы – Муаммар Каддафидің биліктен кетуі туралы мәселеге қатысты Ливия жетекшісінің ұстанымы қандай екендігі жөнінде президент Зума ештеңе айтпады.
XS
SM
MD
LG