Accessibility links

Ратко Младич Белградтағы қызының зиратына барды


Ратко Младич, Белград, 28 мамыр 2011 жыл.

Ратко Младич, Белград, 28 мамыр 2011 жыл.

Соғыс қылмыстарына қатысты айыппен ұсталған Ратко Младич Белградта жерленген қызының зиратына барып, сонан соң абақтыға қайта апарылды. Бұл туралы прокуратура өкілі Бруно Векарич хабарлады.

1990-жылдардың ортасында Босниядағы азамат соғысы кезінде «адамзатқа қарсы қылмыс жасаған» деген айып тағылған Ратко Младич 15 жыл бойы қашып жүріп, өткен аптада ұсталған еді.

Младичті Гаага халықаралық трибуналына беру туралы Сербия сотының шешіміне айыпкердің адвокаттарының апелляциялық шағымы бүгін сотта қаралуы тиіс.

Ратко Младичтің қызы Анна 1994 жылы өз-өзіне қол жұмсап қаза болған.
XS
SM
MD
LG