Accessibility links

Сот Ратко Младичтің адвокатының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады


Ратко Младичті (ортада) серб полицейлері сотқа апара жатыр. Белград, 26 мамыр 2011 ж.

Ратко Младичті (ортада) серб полицейлері сотқа апара жатыр. Белград, 26 мамыр 2011 ж.

Бүгін Белград соты Ратко Младичті Гаага халықаралық трибуналына беру туралы сот шешіміне айыпкердің адвокаты жазған апелляциялық шағымды қарап, оны қанағаттандырмай тастады.

Енді Сербия әділет министрі тиісті шешімді бекіткен соң, көп кешікпей Ратко Младич Гаагаға жеткізіледі деп хабарлады серб соты мен прокуратура өкілдері.

Младичтің туыстары мен адвокаттары қамауда отырған 69 жастағы генералдың денсаулығы дімкәс дегенді алға тартады.

Гаага халықаралық трибуналы 1990-жылдардың ортасында Босниядағы азамат соғысы кезінде «адамзатқа қарсы қылмыс жасаған» деген айып таққан Ратко Младич 15 жыл бойы қашып жүріп, өткен аптада ұсталған еді.
XS
SM
MD
LG