Accessibility links

Долинка кентінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражай ашылды


Қарағанды лагерінде тұтқында болғандардың балалары жерлгенген «Мамочкино моласы». Долинка кенті, Қарағанды облысы, қыркүйек, 2006 жыл.

Қарағанды лагерінде тұтқында болғандардың балалары жерлгенген «Мамочкино моласы». Долинка кенті, Қарағанды облысы, қыркүйек, 2006 жыл.

Бүгін Қарағанды облысындағы Долинка кентінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражай ашылды деп хабарлады осы шараға қатысқан Азаттық тілшісі.

Совет одағының бас лагерьлер басқармасына (ГУЛАГ) қарасты үлкен лагерьлердің бірі болған Карлагтың бұрынғы басқармасының ғимаратында орналасқан жаңа мұражайдың ашылуына саяси репрессия құрбандарының ұрпақтары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, үкімет орындары және дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.

Бүгін Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бүкіл ел көлемінде совет билігі кезінде жазықсыз ату жазасына кесіліп опат болған, түрме азабын тартқан, қудалауға ұшырағандарды еске түсіруге арналған шаралар өткізілді.

Ресми деректер бойынша, саяси қуғын-сүргін жылдары төрт миллионға жуық қазақстандық зардап шеккен.
XS
SM
MD
LG