Accessibility links

Дания соты Шешенстан тумасы Лорс Дукаевті 12 жылға соттады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Дания соты Шешенстан тумасы Ларс Дукаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Прокуратура террорлық жарылыс жасамақшы болған және заңсыз қару сақтаған деген айып тағылған Дукаевты өмір бойы түрмеге қамауды сұраған болатын.

Тергеу қорытындысы бойынша, Лорс Дукаев 2010 жылы қыркүйектің 10-ы күні Копенгагендегі қонақ үйде жарылғыш затты құрастырып отырғанда абайсызда әлгі зат іске қосылып, қолы жараланған.

Тергеушілер Ларс Дукаев жарылғыш затты Мұхаммед пайғамбарды әжуалап карикатура басқан дат газетіне жібермек болған деп санайды.
XS
SM
MD
LG